Атырау – Орал тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Қайғылы жол апаты 12 қаңтар күні Атырау – Орал тас жолының 8 шақырымында болған. «Лада» мен «ВАЗ» маркалы көліктері соқтығысқан.

«Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды. Тағы бес адам ауруханаға түсті», — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы «Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Sputnik