Ақтауда инсульт алған 2018 жылғы сәби ауыр хәлде ауруханаға түскен деп хабарлайды Lada.kz.

Бүлдіршін клиникаға жеткізілгенде дәрігерлер мидағы қан айналымының қатты бұзылуы инсультқа ұласқанын анықтаған.

Сонымен қатар сәбиден қан аздықтың ауыр дәржесі тіркелген.

Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметшісі Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше, бір сағатқа созылған отаны балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов жасаған.

Ақ халаттылар операция қиындығына қарамастан сәтті өткенін атап өтті. Қазір бүлдіршін оянған. Оны анасы емізіп жатыр екен.

NUR.KZ