Дүйім жұрт сүйіп тыңдайтын, жақсы көретін əнші Сəкен Майғазиев Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры болыпты ғой. «Жаңа қызметке байланысты қандай қиындықтарға тап болдыңыз?» деген тыңдарманның сауалына əнші: «Маған ең алдымен төрге шығу қиын болды…өзім бітірген оқу ордасында қаншама ұлағатты ұстаздарым бар, соларды аттап, төрге озу үлкен қиындық туғызды. Өнердегі аға-апаларымның батасы мен сенімінен кейін ғана көңілім орнына түсті. Əйтпесе шығармашылық жұмыс маған жақсы таныс. Ол жағында ешқандай қиындық болған жоқ» деп жауап беріп жатыр. Бұрын да Сəкен Майғазиевты қатты сыйлайтын едім. Осы жолы қарапайымдылығына тіптен тəнті болдым. Əйтпесе талай жас бар ғой, бастық болса болды, дікіңдеп төрің тұрмақ, төбеңе шығып кететін😊.

Фейсбуктегі парақшасынан

Қымбат Тоқтамұрат