Сабақтан қалған бала үшін ата-анасына айып пұл салыну жайында.

Менің жеке пікірім… Екі қолдап қолдаймын!
Неге дейсіз бе? Мені оқитындардың арасынан жасы 25-тен үлкендер бар болар. Басқалар жайлы айта алмаймын, өзімнің қатарымды айтсақ, ұстазға құрмет, мектепке деген сый бар еді. Ата-ана да ұстаздарды құрметтейтін. Мектептегі әңгімені үйге тасу, мұғалім жайлы жамандап көр… Ер мұғалімдер ер балаларды еркекше тәрбиелейтін, әрине жай сөзді түсінбесең. Бірақ сол таяқтан өлсек, біздің қатардың біразы өліп кетер еді. Қайта талайы солай тура жолға түскен шығар.

Қазір мұғалім деген бейшара. Еш құқығы қорғалмаған, көмілген міндеттеме, бітпейтін тексеріс пен таусылмайтын талап. Мұғалімге ата ана мен оқушыға дейін Пбасынып алған.

Мына айыппұлдан кейін ата ананың жауапуершілігі артпаса да, баланың мектепке баруына ықпалы болар ау.

Фейсбуктегі парақшасынан

Sayazhan Yeshankulov