Елімізде айыппұл көлемі артты. Бірінші қаңтардан бастап жол көлік ережесін бұзған  жүргізушілер өткен жылға қарағанда айыппұлды көбірек төлейді.  Бұған айлық есептік көрсеткіштің 120 теңгеге өсуі себеп болып отыр. 

2019 жылдың қаңтарынан  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізілді. Ең бастысы енді айлық есептік көрсеткіш бұрынғысынша 2405 теңге емес, 2525 теңгені құрады. Осыған байланысты зейнетақы, жәрдемақы және тағы басқа әлеуметтік төлемдер мен айыппұл санкциялардың барлығы да өзгеріске ұшырады.

ӘЙГЕРІМ СЕЙТКЕРЕЕВА, СҚО ПД ӘПБ ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

— Жолда жүру жылдамдығын мөлшерден асырған жүргізушілер 12 мың 625 теңге айыппұл төлейді. Өткен жылы бұл бұзушылықтың жазасы 12 025 теңге еді. Жолда жүру ережесін бұзып, жаяу жүргіншіге жол бермегендер 25250 теңге төлеуге дайын болуы тиіс. Бұған дейін 24050 теңге болатын.  

Алайда сақтандыру жөніндегі келісімге тұрмай, электронды  базада деректері жоқ жүргізушілер  енді бұрынғыдан екі есе айыппұл яғни 25 мың теңге төлейді.