Бішкек қаласында 1980 жылы туылған әйел адам өзін күйеуінің досы зорлағанын хабарлаған. Бұл туралы АКИpress сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға бірінші желтоқсан күні болған.

Ерлі-зайыптылар достарымен бірге ішімдік ішіпті. Тойлап болғаннан кейін олар өз бөлмелеріне барған, үй иесінің досы да үйдің сол қабатында болған екен.

Ерлі-зайыптылар ұйықтап қалған кезде әлгі жігіт досының әйелімен жыныстық қатынасқа түсіпті. Ол оянып кетіп, бірден айғайлаған. Сосын дереу полиция шақыртыпты.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалардың бәрі тағайындалған.