Бүгін Қазақстан қор биржасынның (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы  369,42   теңгені құрады. Кешегі  таңғы сессиямен салыстырғанда ( 372,36  теңге / $1) ұлттық валюта 2,94 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін  369 теңге деңгейінде болды. Ең жоғары – 370,10  теңге, жабылу курсы бір долларға  369,22 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 60 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны —125.

Астананың айырбас пункттерінде  долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372 теңге, Алматыда – 372 теңге.

Ұлттық Банктің ресми курсы бойынша 1 доллар  371,80 теңге болды.