Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Александр Журавский (13-4, 11 КО) келесі жекпе-жегінде мароколық Мохаммед Рабиимен (7-0, 5 КО) жұдырықтасады. BoxRec ақпараты бойынша, жекпе-жек 8 желтоқсан Парижде өтеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жстағы марроколық 2017 жылы кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізіп, алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген. Осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті (5 нокаут).

Дегенмен Журавскийдің қарсыласы қазақстандық бокс сүйер қауымға әуесқойдағы карьерасымен таныс. 2015 жылы Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында Рабии финалда Олимпиаданың болашақ чемпионы Данияр Елеусіновті (5-0, 3 КО) жеңген. Сонымен қатар, ол 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді.

BoxRec сайтындағы алғашқы орта салмақ рейтингінде Рабии 74-ші, ал Журавский 174-ші орында.

Айта кетейік, 31 жастағы Сороны қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) мексикалық бапкері Абель Санчес жаттықтырады.

Журавскийдің өзі кәсіпқой рингке 2007 жылы келген. 2011 жылы Павлодар облысының тумасы жарақат салдарынан бапкерлікке ауысады. Алайда 2015 жылы шаршы алаңға оралып, жеті рет жұдырықтасып үлгерді. Журавский тоғыз жекпе-жегін Қазақстанда, төртеуін — Тайландта, екеуін — Ресейде, Ұлыбритания мен Малайзияда бір-бірден өткізген. 21 қазанда өткен соңғы жекпе-жегінде өзбекстандық боксшы Жасур Ахмаджоновтан (8-0-1, 5 КО) жеңілді.