Камчатканың Елизовский ауданында 9 жастағы бала кір жуғыш машинаның ішінде қайтыс болды деп жазады «Известия».

4 желтоқсан күні жұмыстан оралған анасы кір жуғыш машинаның ішінен баласының өлі денесін тауып алған. Әкесі іссапарға кеткендіктен ол үйінде күні бойын жалғыз қалыпты.

Жергілікті полицейлер қажетті сараптамаларды жүргізгеннен кейін барып қайғылы жағдайдың себебі анықталмақ.

sn.kz