Жақып Асанов,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні мерекесі елі­міз­дің заманауи тарихында айрық­ша орынға ие. 1991 жылдың дәл осы күні алғашқы Жалпыхалықтық сайлау қоры­тындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Елбасы сайлаушылардың 98,7% даусына ие болды. Қазақстандықтардың мұндай ынтымақ-бірлігі мемлекетіміздің қар­қынды дамуының мызғымас негізін қалады. Мұны тәуелсіздік жетістіктерінің тарихы айқын дәлелдейді.

Антиядролық бастамалар, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары­ның, БЭК, ЭКСПО-2017 құрылтайлары, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен ЕҚЫҰ-ға төра­ғалық ету елімізді күллі әлемге таны­тып, зор құрметке бөледі. Бұл Қа­зақ­станның халықаралық деңгейдегі ай­шық­ты жетістіктерінің бір бөлігі ғана. Әлеу­меттік-экономикалық салада да қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Елі­мізге 300 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылды. Жаңа елордамыз — Астана бой көтерді. Бір шаңырақтың астында 130-дан ас­там этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Бұл халқының қолдауы­на ие болған Мемлекет басшысының сараб­дал саясатының жемісі.

Тұңғыш Президенттің тікелей қамқор­лығының арқасында әлемдегі барлық стандарттарға сай келетін тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Ұлт жоспары шең­берінде жүргізілген реформалар сот­тарды қолжетімді әрі жедел ете түсті. Сот сатыларының саны қысқарды, судья­ларға қойылатын талаптар күшей­ді. Жоғарғы Соттың жанынан Халықаралық кеңес, Инвестициялық алқа мен Сот төрелігі академиясы құрыл­ды. Сот залдары аудио-бейне­жазба құрылғыларымен 100%-ға жабдықталды.

2018 жылғы 5 қазанда Мемлекет бас­шы­сының Қазақстан халқына Жол­дауында көзделген шаралар елімізді одан әрі дамытуға зор серпін беруде. Осы мақсатта сот жүктемесін азайту, сот ісін жеңілдету, судьялар құрамына ең үздік заңгерлерді тарту бойынша нақты іс-шаралар қолға алынуда. Осы реформалардың басты мақсаты — қоғам­ның сотқа деген сенімін арттыру. Сот жүйесі экономикамыз бен әлеуметтік әл-ауқатымызды арттырудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Мұны Елбасы мен барша қазақстандықтар күтуде.

Осы мереке қарсаңында сіздерге ашық аспан, құт-береке мен бастама­лары­ңызға сәттілік тілеймін! Байтақ Ота­ны­мыз Қазақстан одан әрі көркейіп, гүл­дене берсін!