Орынбор тумасы және UFC тарихындағы екінші қазақ Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидта UFC Fight Night аясында дебют жасайды. Ол ирландық Джозеф Даффимен (17-3) айқасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Ирландық спортшы бұрын кәсіби боксшы болып, рингте 7 айқас өткізген.

Бірақ, Даффидің өмірбаянындағы ең қызықты факті мынау: Бірнеше жыл бұрын ол ұйымның танымал боксшысы Конор Макгрегорды нокаутқа жіберген еді.

Даффи мұны өте тез жасады — бар-жоғы 38 секундтың ішінде нокаутқа түсірді.

Дамир Исмағұлов UFC Fight Night аясында ирландыққа қарсы бокспен қатар, джиу-джитсу және таэквандо элементтері бар жекпе-жекке шығады.

Кештің басты айқасында Джуниор Дос Сантос пен жергілікті жұлдыз Тай Туиваса жұдырықтасады.

 

ҚазАқпарат