Криштиану Роналду енді әйгілі сүр бойдақтардың қатарына жатпайды. «Ювентус» пен Португалия құрамасының футболшысы сүйіктісі әрі қызының анасы Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Роналдуға төртінші баласының анасы «иә» деп жауап берген. Тіпті, Джорджина той көйлегінің қамына кірісіп кеткен көрінеді.

Айта кетейік, Роналду мен Родригес 2016 жылдың жазынан бастап кездесе бастаған. Ал 2017 жылдың 12 қарашасында олардың ортақ сәбиі дүниеге келді. Футболшы кішкентай қызына Алана-Мартина деген есім берген.