Семейде қазақстандық белгілі спортшы Жасұлан Әбиевті өлтіріп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Куәгерлер дзюдошы жігіттің Қаражыра көмір кенішінде қаза тапқанын айтады.

Басылымның мәліметінше, көмір алуға кезекке тұрған екі жігіттің арасында жанжал шығыпты. Нәтижесінде, ауыр бас жарақатын алған Жасұлан ажал құшқан.

ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған «Semeyainasy» ақпараттық агенттігі спортшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын жазады.

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, күдікті қолға түскен. Ол Семейдің 24 жастағы тұрғыны болып шығыпты. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетерлігі, марқұм болған Жасұлан Әбиев Қазақстан чемпионы болған. Ол бірнеше мәрте спорттық жарыстарда топ жарып, ел намысын қорғаған.