2018 жылдың 15 қарашасында, сағат 19.00 де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында» халық ауыз әдебиетінің ХХ ғасырдағы алыбы, ақын, эпик жыршы Жамбыл жайлы «Жыр-жолбарыс» музыкалық спектаклінің тұсаукесері өтеді.

 Спектакльдің мақсаты: Жамбыл өмірінің ХІХ ғасырдағы соңғы ширегін қамтитын қойылымда оның тұлға ретінде қалыптасуын және азаматтық ажарының сомдалуын сахналық бейнелеудің заманауи тәсілдері арқылы көрсету, жүз жасаған эпик жыршының өзі өмір сүрген қоғамға қаймықпай ой айтқан кезеңдерін жұртшылықтың назарына ұсыну.

Спектакльдің ерекшелігі: Қойылымда қазақ би нақыштары заманауи контемпорари, фолькденс би бағыттарымен синтезделіп ұсынылады. Мұнда динамикалық сценография қолданудың нәтижесінде драматургияның заңдылықтары сақталып, хореография, дәстүрлі музыка мен драмалық сахналар өзара жымдаса түскен.

Пьеса бейнелеу құралдарының сахналық қойылымдарын ескере отырып жазылғандықтан, мәтіндер қысқа әрі астарлы, бейнелі теңеулерге негізделіп, қазіргі драматургия мен музыкалық драманың шарттары үйлесім тапқан.

Спектакльдің кеңесшісі Жамбылдың көзін көрген Шаштай ақсақалдың ұлы Жұмабай Шаштайұлы, пьеса авторы Әннәс Бағдат, қоюшы режиссер Есләм Нұртазин, режиссер-хореограф Әсел Абақаева.

Рольдерді орындаушылар: Жамбыл – Әсет Есжан, Жыршы – Шаттық Уатқан, Жапа – Нәсіпжан Басшыбай, Ұлдан – Құралай Мырзалинова, Бұрым – Жанерке Дуйсенбиева, Сарыбай – Оңдасын Бесікбасов, Сүйінбай – Тимур Пиязов, Қисыбай – Нұржан Әбубәкір, Ертуған Құрмашев, Сыздық сұлтан – Нұрлан Сағынаев, Құлмамбет – Сәулежан Тақзия, Жасұлан Сақаев, Сары – Қуаныш Алтыбаев, Балық – Жасұлан Мұсағалиев. Бимен көркемдеген «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бишілері.

 

Мекен жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, «Алғабас-1» ықшам ауданы, 6 үй. Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77, 8775-674-7453    Е-mail: alatau_pr@mail.ru