Кеше Түркия мемлекетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай Түркияның Қазақстандағы бас консулдығы салтанатты шара өткізді.

Осы салтанатты шара барысында Түркия Бас Консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза бізді Түркия Республикасы президентінің Бас кеңесшісі Йалчын Топчу мырзамен таныстырды.
Ал оның алдында (26.10.2018. жыл) Бас Консул Рыза Қаған Йылмаз мырза бірқатар қазақ журналистерімен кездесіп, бауырлас екі ел арасындағы экономикалық және рухани байланыстар туралы әңгіме қозғаған болатын.
Бас Консул мен журналистердің кездесуін ұйымдастырған Түркітілдес журналистер қоры екенін осы арада айта кетуіміз керек.
СССР ыдырағанға дейін түркі тілдес елдердің ішінде Түркия ғана тәуелсіз ел болды. Ал тоқсаныншы жылдардан бастап бес ел – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Азербайжан, Түркіменстан өз тәуелсіздігін алды. Әлі қаншама бауырлас елдер бас азаттығын ала алмай, тілі де, ділі де жат елдердің құрсауында жүр. Сондықтан мұндай шаралардың көбірек өтуі өте маңызды.

Камила Ысқақова