Нұртай Салихұлы, мемлекеттің қоғамдық маңызы зор міндеттерді бизнеспен бөлісіп атқаруы – заман талабы. Өз баст ауын Ұлыбританиядан ала- тын бұл әріптестіктің елімізде тұңғ ыш қадамы жасалғанына он жылдан асты. Жуырда Парламент Мәжілісінде осы мәселе жөнінде Үкімет сағаты өтті. Онда айтылған әңгіме ауанына қарағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің потенциалы Қазақстанда толыққанды пайдаланылмай отырған сияқты. Бұл оның маңызын, тиімділігін түсінбеудің салдары емес пе? Жалпы бизнес пен мемлекеттің қоян-қолтық жұмыс істеуін білдіретін бұл ынтымақтастық қандай мәселені шеше алады? Оның аясында қандай міндеттерді атқаруға болады? Әңгіме басында алдымен осы жөнінде өз пайымыңызды ортаға салсаңыз…

– Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дегеніміз, мемлекет пен жеке меншіктің бірлесіп жұмыс істеуі, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығы. Мұндай байланыстың басты шарты – келісімдердегі тәуекелдер, пайдалар мен шығындар, құқықтар мен міндеттердің теңгерімді бөлінісі. Мақсаты – қоғамдық игілік- тер мен қызметтердің қолжетімділігін, сапасын арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жеке сектордың ұзақ мерзімді әріптестігін қалыптастырып, күшейту. Ал, міндеттері – жеке секторды мемлекеттік активтерді басқаруға тарту, бюджетке салмақты азайту, инвестиция тарту, мемлекет пен бизнестің бірлескен қызметінің үлгісін кеңейту. Тоқ терін айтқанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мақсаты – қызмет саласының кең спектріндегі қоғамдық маңызы бар жобаларды, яғни, экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытудан бастап, қоғамдық қызмет көрсетуді ұсынуға дейінгі мәселелерді іске асыру болып табылады. Жалпы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тиімділігі өте жоғары. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы қазан айындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жеке инвестицияларды ынталандыру қажеттігін атап өтті, өйткені, бизнес жаңа жұмыс орындарын ашады және қазақстандықтардың көпшілігін табыспен қамтамасыз етеді.

– Мемлекет басшысы тапсыр- масының орындалу мүмкіндігі қандай? Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанда қай салада мемле- кеттік және жекешелік әріптестік толыққанды қалыптасып отыр? Бұл шараның құқықтық тұрғыда негізделуі талапқа сай ма?

– Жуырда өткен Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің ортаға салған мәліме- тіне қарағанда, алғашқы он жылда темірж ол желісі, аймақаралық электр беру желісі және әуежайдың жолаушылар терминалы сынды осындай үш конссециялық жоба жүзеге асы- рылды. Сонымен қатар, оның сөзінен түйгеніміз, еліміздегі мемлекет- тікжекешелік әріптестік тек соңғы жеті жыл ішінде заңнамалық және институционалдық база жетілдіріл- геннен кейін қарқын ала бастаған. Расында «Қазақстан 2050» Стратегиясын, сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 2015 жылы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң қабылданды. Заңда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолданудың барлық салалары бойынша шектеулерді алу, қатысушылардың құрамын кеңейту, бұл шараның конкурстық рәсімін оңайлату және тағы басқа да заңнамалық негіздері дәйектелген болатын.

– Алайда, әріп- тестеріңіздің айтуынша, әлі де экономика салалары мен халыққа көрсетілетін қызмет түрлері толықтай мемлекеттік-жекешелік әріптес- тік жобаларымен қам тылмай отырған сияқты… Жалпы, сіздіңше, қазіргі таңда бұл үрдістің аяқ алысы қалай?

– Бүгінгі күні экономиканың әртүрлі секторында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мыңнан аса жобасы жасалып, 443 шарты бекітілген. Олардың 66 пайызы білім беру, 16 пайызы денсаулық сақтау, 8 пайызы мәдениет және спорт салаларына, 9 пайызы қалған қызмет салаларына тиесілі. Бұл көрсеткіш біз ойлаған деңгейден өте аз. Өкінішке қа- рай, елімізде әріптестеріміз айтқандай, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр. Негізінде, оның талап деңгейінде жүзеге асуы мемлекет еншісіндегі көптеген міндеттерді бәсекелестік ортаға беріп, бұл сәйкесінше, олардың орындалу сапасын арттырар еді. Алайда, бізде көптеген шаруашылық салалары мен қызмет түрлері іс жүзінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларымен қамтылмаған. Атап айтқанда, сумен жабдықтау және кәріздендіру, энергиямен жабдықтау, көлік, жол құрылысы, қауіпсіздік, байланыс, ауыл шаруашылығы, туризм, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік сала, мәдениет салалары бұл шарадан сырт қалып отыр. Ал, әлеуметтік салада бар болғаны 4 жоба, ауыл шаруашылығында 7 жоба ғана жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, үш жыл ішінде арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымының құрылысын салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірде-бір жобасы іске қосылмағаны белгілі болып отыр. Шын мәнінде, соларды халық игілігіне айналдыру үшін аталмыш «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңда арнайы құқықтық тетік жасалған еді. Бірақ, көптеген арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы әлі салынбаған. Тоқ етерін айтқанда құқықтық тұрғыда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құру мүмкіндіктері кеңейсе де жағдай өзгермей отыр. Осыған байланысты аталмыш Үкімет сағатында уәкілетті органға, оның ішінде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамына қатысты біраз базынамызды айттық.

– Аты дардай осы құрылымның ғаламтордағы сайттарына кіріп қарасақ, оның сайдың тасындай басшылары, мамандары бар екен. Бір қарағанда, бұл істе олардың мүмкіндігіне сай келмейтін ешнәрсе жоқ сияқты. Сонда бұл шараның басты кемшіліктері не болып отыр?

– Нақтырақ айтар болсақ, елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті алға жылжыту бойынша жүйелі жұмыс жоқ, екіншіден, салалық уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар арасындағы жұмыстар үйлестірілмеген, үшіншіден, салаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларымен қамтуды арттыруда мүдделілік жоқ, жұмыс істеп тұрған және жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тиімділігіне талдау жүргізілмейді, салалар, сондай-ақ, өңірлер мен жалпы республика бойынша проблемалар және қажеттіліктер ескерілмейді.

– Десе де, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген жобалардың аздығына бизнес тарапынан ынтаның төмендігі әсер етіп отырған жоқ па? Шыны керек, біздегі кәсіпкерліктің дені саудаға, оның ішінде, алыпсатарлыққа негізделген ғой.

– Меніңше, мұның негізгі себебі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының инвестициялық тартымдылығының төмендігіне байланысты. Дерекке сүйенсек, 2018 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша сомасы 1 096 млрд теңге болатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 443 шарты жасалды. Бұл ретте мемлекеттік міндеттемелердің көлемі 1051 млрд теңгені құраса, ал жекеменшік инвестициялардың көлемі – 334 млрд теңге болған. Жобаларға тартылған бюджеттік қаражат пен жекеменшік инвестициялардың арақатынасы үштен бірге тең. Яғни, тартылған жекеменшік инвестицияның әр теңгесінен мемлекеттік міндеттемелердің көлемі 3 теңгеге артық. Демек, бұл ретте бюджетке түсетін салмақ азаймай отыр. Мемлекеттік міндеттемелер көбіне жобаның құнын толығымен жауып жатады. Мәселен, «Нұр жолы» өткізу бекетінің құрылысы мен оны іске қосу, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы, «Tранспорт тауэр» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту мен жеттік шығыстарды барынша азайтуды көздейтін басым бағыттарды әзірлеу керек. Мемлекет басшысы жекеменшік инвестицияларды жол, газ құбырларын салу, аурухана, мектеп және басқа да объектілер құрылысына кеңінен тартумен қатар, оларды реконструкциялау мен техникалық қызмет көрсетуге тартудың маңызды екендігін айтып, нақты міндеттер жүктеген болатын. Сонымен бірге, валюталық тәуекелділік секілді факторларға байланысты жасалатын шарттар мен тартылатын инвестициялардың тұрақтылық құралдарын әзірлеу талап етіліп отыр. Мысалы, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының концессиялық жобасы бойынша келіссөз 2010 жылы басталған, ал, қаржыландыру басында АҚШ долларымен жүзеге асқан еді. Валюталық ауытқу салдарынан жобаның теңгеге шаққандағы құны екі есеге өсіп кетті. Осыған және басқа да себептерге байланысты шартқа қол қою және оны іске асыру мерзімі ұзарып кетті. Сондықтан, уәкілетті органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мүмкін болатын тәуекелдерді барынша есептей отырып, оларды азайту жөніндегі тетіктерді ұтымды етіп жасаулары қажет.

Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қамтылған жобалардың тиімділігі жайлы не айтасыз? Шыны керек, бізде көптеген шаралар «құр мал шашпаққа» айналып жатыр ғой. Бұл әріптестік аясында қолға алынған жобаларды жүзеге асыруда қаржының мақсатсыз жұмсалуы немесе игерілмеуі секілді келеңсіздіктер орын алған жоқ па?

– Шыны керек, мұндай проблема жоқ дей алмаймыз. Жалпы, 2018 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 103 шарт, Ақтөбе облысында 79 шарт, Алматы қаласында 50 шарт, Қостанай облысында 45 шарт бекітілген болатын. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының ең аз тіркелген жері Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Бұл орайда кейбір облыстарда (Ақтө- бе, Шығыс Қазақстан облыстарында) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қар жыландырылатын жекеменшік мектепке дейінгі білім беру объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жо- балары ретінде мәлімет беру орын алған. Бірақ одан әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер жақсарған жоқ. Сол секілді, Қостанай қаласының көшелерін ағымдағы ұстап тұру жөнідегі әрбір техникалық құрал мемлекетік-жекешелік әріптестіктің жеке шарты ретінде ресімделген. Бірқатар өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары белгіленген бюджет лимиті шеңберінде дұрыс жоспарланбайды. Мем- лекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялар жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жалпы сомасын жобаның жұмыс істеу мерзіміне бөлудің орнына, оны ағымдағы қаржы жылына енгізген. Нәтижесінде өңірлердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына арналған жылдық лимиттері тез арада бітіп қалады. Сонымен қатар, өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамауға жол беріліп отыр. Мысалы, Ақтөбенің медициналық кластерін дамыту шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік желісі бойынша бірегей офтальмология орталығы салынды. Бірақ, берілетін мемлекеттік тапсырыстың көлемі мұндай объектінің кідіріссіз жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік тапсырыс сомасы 680 млн теңге көлемінде көзделген болса, нақты жағдайда алынған соманың көлемі 230 млн теңге болып отыр. Бұл фактілер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.

– Жалпы, жекеменшік ұйымдар мемлекеттік тапсырыстарды алу кезінде көптеген кедергілерге тап болып жатады. Осының салдарынан бірқатар салаларда қызмет көрсетушілер жыл сайын ауысып жатады. Бұл әрине, сапа мен бағаға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайлар неліктен орын алады, оларды жою үшін не істеу керек?

– Бұл меніңше, салалық нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеуінің салдары. Қазіргі уақытта мемлекет- тік-жекешелік әріптестіктің дамуына ықпал етпейтін бірқатар нормалар бар. Мәселен, білім беру саласында оқушыларды тамақтандыруды ұй- ымдастыру бойынша қызмет көрсе- тетін жеткізушіні жыл сайын айқын- дайды. Мұндай тетіктер мен құқықтық олқылықтар ас әзірлейтін блоктың материалдық-техникалық базасының нашар болуына, үй-жайдың және объектілердегі жабдықтардың тозуына әкеп соғады. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық базаның жетілдірілмеуі шетел мамандарының кли- никалық практикаға қолжетімділігін шектейді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларға алдын ала диагностика қоюға байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға әлеуетті әріптестерді тартуды қиындатады. Кешенді медициналық ақпараттық жүйенің (КМАЖ) әлеуетті медициналық әріптестер пайдаланатын басқа да ақпараттық жүйемен байланысын шектейді. Осыған байланысты салалық министрліктер мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, заңға тәуелді нормативтік актілерге тиісті өзгерістер енгізуге тиіс. Сонымен қатар, құқық қолдану практикасындағы коллизиялар мен олқылықтарды дер кезінде жою мақсатында салалар мен өңірлердегі қажеттіліктерге сәйкес, нормативтік құқықтық актілерге талдауды жүзеге асыру қажет, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Тоқ етерін айтқанда, мемлекеттік жүйелі шаралар белгілі бір тиімділігін берері сөзсіз. Бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестікті одан әрі дамыту үшін қажетті жағдай жасауда әлі де болса көптеген жұмыстар атқару керек. Бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлген жөн. Мемлекет басшысы тапсырғандай, оңтайландыру кезінде босаған бюджет қаражатын бірінші кезекте халық үшін нақты пайда келтіретін жобаларға жұмсау қажет.

— Уақыт тауып, ой бөліскеніңізге рақмет!

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»