Іс-шараға қатысушылар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Жаһандық конференция өтіп жатыр. Алқалы шараны Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды деп хабарлайды Zakon.kz.

«Біз алдымен науқастарға көмек қолын созып, денсаулығын жақсартуға әрекет етуіміз керек. Көмек алған адамдардың пікірін білу өте маңызды. Бұл жобаның негізі де осы, қоғамда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз етуге деген көзқарасты қалыптастыру. — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, пациенттердің пікірін талдау бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуде «шынымен не болып жатқанын» түсінуге көмектеседі.

«Әрине, бұл шын мәнінде не болып жатқанын түсінуге көмектеседі, мысалы қандай кемшіліктер бар және нені жақсарту керек. Біз бұл мәселені жүйелі түрде талдап жүрген адамдардың пікірін жинаймыз. Бұл бізге осы тапсырманың тиімді жоспарларын жасауға көмектеседі. Әрине, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес министрлер деңгейінде біздің мақсатымызға сәйкес келетін нұсқаулықтар мен шараларды қарастыратын және қабылдайтын арнайы институттар бар. Бұл әлеуметтік-экономикалық көмек қызметтерімен қоғамдастықтың бірлескен жұмысы », — деп түсіндірді басқарма бастығы.

Конференцияға әлемнің 146 елінен делегаттар қатысып, олардың жалпы саны 1990-ға жетті.