Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы, PhD доктор , Нұр-Мүбәрак мешітінің бас имамы:

– Елімізде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017— 2020 жылдарға арналған тұжы­рымдамасы әзірленіп, бекітілгені белгілі. Осы тұжырым даманы дәл қазір жасаудың маңыз­ дылығы неде?

– Аталған тұжырымдама мемлеке­тіміздің зайырлы қағидаттарын нығай­туға, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысын тоқтатуға не­гізделген. Қазіргі кезде жоба қабыл­данып, мемлекеттік органдар соның негізінде жұмыс істеп жатыр. Оның орындалуына қазіргі Қоғамдық даму министрі жауапты деп ойлаймын. Кез келген салада жаңа бағдарла­ма түзіп, оны бекіту, кейін өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қалып­ты жағдай. Дін саласында да қазіргі қоғамның жай­күйіне байланысты тұжырымдама дәл осы уақытқа сай келген болуы керек. Әрине, тәуелсіздік алғаннан кейін осы тектес тұжырымда­ ма жасалғанда қазіргі күйіміз мүлде басқаша болар еді. Бірақ, Қазақстан тәуелсіздік алып, егемендігін екше­леп жатқан тұста бұдан да маңызды мәселелер шешімін күтіп тұрған еді. Сондықтан, аяғымызға енді тұрған шақта, тұрмысымыз төмен, болашағы­ мыз бұлыңғыр болғандықтан Үкімет діннен бұрын экономиканы, ішкі және сыртқы саясатты реттеуге көшті, сол салаларға көбірек көңіл бөлді. Ал, дін жолында, наным-­сенімге келгенде жаңа Қазақстанның тәжірибесі жоқ болатын, діни заңдарда кімнен оқып, қайдан үлгі алуға болатынын білген жоқ. Сондықтан, дәстүрлі діни бағыты­ мызды уыстан шығарып алдық. Қазір теріс пиғылды жат ағымдар жаңбы­рдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Бұл өз кезегінде қоғам арасында түсінбеушілікке, ағайындар арасын­дағы араздыққа апарды. Өздеріңіз білесіздер, 2011 және 2016 жылдары бірқатар террорлық акт болды, елде дабыл қағылды. Содан кейін арнайы тұжырымдама қабылдау қажеттілігі туындады. Қазір де кеш емес, бастысы тым еркінсіп кеткен жат ағымдардың жұмысын тізгіндеу.

– Конституция бойынша елі­ міздің азаматтарына дін бос­ тандығы берілген. Соның да әсер і болса керек, теріс ағымның жет егінде кетіп жатқан жастар көп. Бұған қалай тосқауыл қоя­ мыз?

– Бірінші кезекте, заң өз кезегімен, әділ түрде қажетті деңгейде жұмыс істеу керек. Мысалы, Батыста наным­сенім бостандығы бар, сәйкесінше заң тала­бы орындалады. Бір адам барып, екін­ ші бір адамға діни сенім туралы уағыз айта алмайды. Егер белгілі бір азамат ғибадатхана, арнайы уағыз айтуға бел­гіленген жерлерден тыс уағыз айтып жүрсе және оны құқық қорғау орган­ дары білсе, уағыз айтушы заң алдында жауап береді. Осыған ұқсас заң бізде де бар, бірақ, ол жұмыс істеп отыр ған жоқ. Кез келген жерде, тіпті үйіңе іздеп келіп, есік қағатын миссионерлер көп.Одан бөлек, ғаламторда жат ағымды насихат тайтын әртүрлі уағызд ар толып тұр. Әлеуметтік жел ілерде тексерілме­ ген аудио, видеосы да бар. Ал мұның барлығын заңмен реттеп, таратушы­ ларды жауапқа тартуға болады. Бірақ, біздер бұл мәселені енді ғана қолға алып, желідегі жөнсіз уағыздардың санын азайтып жатырмыз. Адам баласы дінге сенуге бейім жаратылған. Адамдардың бойындағы діни қажеттілікті мемлекеттік идеоло­ гия толықтыруы тиіс. Дұрыс бағытты таңдап, адамгершілікті насихаттай­тын, ізгілікке шақыратын, радикалды бағыттардан сақтайтын дінді халыққа беруіміз керек. Адамның дінге деген ішкі қажеттілігін мемлекеттік идеология өтемеген жағдайда ол кез келген діни ағымның жетегінде кетеді. Көбінде адам дінді өз ақыл­есімен таңдай­ды деп жатамыз. Әрине, оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, тәжірибе жүзінде дін таңдау еркіндігі адамның өмір сүретін ортасымен байланысты. Мысалы, біз әлімсақтан мұсылман мемлекетіміз, қазір де ислам дінін ұстанатын елдердің қатарындамыз. Еу­ропада туылған бала өсе келе христиан болады, Жапон елінде өмірге келген нәресте өсе келе будда дінін ұстанады. Қай діннің үстемдігі мол, насихаты көп болса адамдар сол дінге басымдық береді. Дін түрлерін ажыратып, таңдап отырады деу қате. Насихаты көп дін жеңеді. Сондықтан, мемлекет жастарға дұрыс ақпарат беруі тиіс және одан қо­рықпауы керек. Дінді мемлекетіміздің болашағына дұрыс пайдалана біл­ геніміз жөн.

– Қазір ата­анасының сөзіне қарсы шығып, бетінен алып сөй­ лейтіндер бар. Бала тәрбиесінде нені ескермей жатырмыз?

– Бала тәрбиесі деген бөлек дүние. Бала тәрбиесіндегі ең бірінші қағида – өзіміз дұрыс адам болуымыз керек. Өзіміздің жүріс­тұрысымыз, айтқан сөзіміз бұрыс болса, балаға не айтамыз? Бала сәби кезінен көрген нәрсесін бой­ына сіңіре бастайды. Ата-­анасы тексіз кино кө­ріп отыр­са, бала бұл дұрыс екен дей­ді. Шешесі омырауын ашып, бұтын жылтыратып жүргенін көр­ген қыз бала да солай өседі. Әкесі мен ана­сы күнде ұрсы­сып, әйелі кү­йеуінің бетінен алып, төсіне шапса оны көр­ген бала­шаға қандай тәрбие алады? Оны көрген ұл бала әкесін сый­ламайды, қыз бала ертең жолдасына қарсы шығады. Бес уақыт намазын оқи­тын әкенің баласы Құдайға жақын бола­ды. Телефонға шақырса «жоқ дей сал» дейміз, сөйтіп өтірік айтуға үйретіміз. Жалған сөйлеу баланың жүрегіне ақы­рын сіңіп, мінезіне айналады. «Қазір кәмпит әкеп берем» деп жылағанын жұбатады да, әкеп бермейді. Уәдеде тұрмауды, сөзін орындамауды өз қо­лымызбен үйретіп жатырмыз. Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген әдемі ­мәтел бар. Бұл жерде «көрген» дейді, демек ба­лаға өзіміз үлгі болсақ жеткілікті. Өзіміз жақсы адам болсақ, бала соны көріп­ақ өседі, ешқайда кетпейді. Екінші баулу деген нәрсе бар, бала­ ны спортқа, қосымша білімге баулисыз. Мен мысалы 3 жастағы баламды ертіп алып, арнайы садақа бергіземін. «Анау апаға апарып бер» деп қолына ақша ұстатамын. Сосын «неге бердік» деп сұрайды. Мен «олардың жағдайы жоқ, біздің көмектесуіміз керек» деп түсін­ діремін. Оны көрген бала қанағатты біліп өседі, ертең кесірленіп кетпейді, адамдарға көмектесуге ниетті болады.

  Үйленгендеріне аз уақыт болса да шаңырақтары шайқал­ ған отбасылар көп. Ажырасудың арты жақсылыққа апармайды. Бұған екі жас кінәлі ме, әлде оларды түзей алмаған ата­ана кінәлі ме?

– Барлық нәрсеге әу бастан қарау керек. Көп жағдайда ата-­аналар ба­ласына дұрыс тәрбие бермейді. Тәр­бие беруді балалардың тамағы тоқ, киімі бүтін болуы деп ойлайды. Бірақ, олар баланы өсіріп жатыр, тәрбиелеп жатқан жоқ. Ата­-аналардың көңіліне келмесін, қазір ешкім баланың руха­ниятына алаңдамайтын болды. Хакім Абай: «Балам закон білді деп, Қуанар ата­-анасы, Ойында жоқ олардың Ша­риғатқа шаласы» – дейді. Білім деген мәліметтердің жиынтығы емес, білім деген өміріңді жақсы жаққа өзгертетін ілім. Ол ілім жүрегіне сіңбеген, көңіліне тоқылмаған. Кей ата-­ана балаларын тиісті дәрежеде көңіл бөлмегендіктен де, өскенде шалыс басады. Сосын жаһанданудың бір үрдісі болды ма, жастар ажырасудан ұял­майды. «Ерлі­зайыптылар сияқты бір­ге тұрып көреміз, болмаса екі жаққа кетеміз» дейтін азаматтық неке шықты. Тура сол ұғымдағыдай, үйленгендер де мінезіміз жараспады деп ажыраса салады. Ортадағы баланың болашағы, өзінің тағдыры туралы ойланбайды. Бәрінде эгоизм, «мен, мен» деген көкірек тұр. Ұлы да, қызы да қазақы тәрбиеден кетті. Біздің менталитеміз­ де әйел баласы ер азаматтан бір саты төмен тұрады, кішіреюді біледі. Ал, қазір екеуі де кеуделерін соғады. Ажы­расудың ар жағы болмайтын ұсақ­түй­ ек нәрселер. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». Ұрпақтан ұрпаққа бұзылып келе жатырмыз. Ал, бұзылу­дан сақтап қалатын адамдардың берік діні жоқ.

– Толыққанды отбасында тәрбиеленбеген балалардың болашағы да бәрімізді алаңда­тады.

– Қазақстанда бір жылда шамамен 150 мың неке тіркелсе, соның 30­40 пайызы ажырасып жатыр. Осыдан-­ақ қанша баланың жетім, қанша әйелдің жесір қалатынын пайымдай беріңіз. Отбасынан ажыраған қанша еркектің еңсесі түсіп, өздерін жоғалтып алды, сергелдеңге түсті. Қанша адамның сыйластығына сызат түсті, құда мен құдағи арасы бұзылды, той жасап экономикалық шығын шықты. Бұл дегеніңіз бізді тығырыққа тірейтін үлкен катастрофа. Қазір оған еш­кім мән беріп жатқан жоқ, ертең әке қамқорлығынсыз, отбасы құндылығы сақталмаған жанұяда өскен балалар қандай азамат болып өседі? Оларға дұрыс тәрбие бере аламыз ба? Мұның бәрі күмәнді нәрселер. Сондықтан некелеспес бұрын жастарға «Үйленуге қа тігезденуі сол иман дылықтың жоқ тығынан. Адамға мейірім, адам гершілік, ина бат, иба­ лылық бәрі дін арқылы келеді. Егер дін дегі бағыты мызды нақ тылап, жас­ тарды дұ рыс тәрбиелей ал­ масақ, онда бұдан мем­ лекет ұты­ лады. Дінсіз мемлекеттің барар жері қ ұ р д ы м . Ұлт ретін­ де сақта­ лып қалуды ойлайтын ел болсақ, ата­ бабалар ы мыз дан келе жатқан, кешегі дана Абай мен Шәкәрім ұстанғ ан дінді насихаттауымыз керек. Дінсіз қоғам болмайды. Мысалы, Кеңес үкіметі дін­ сіз болды, бірақ, соңында құрдымға кетті. Адам бір нәрсе істеген кезде «Алла мені көріп тұр» деген ар жағын­ да түсінік болмаса, оны арам істерден ештеңе ұстамайды. Ар мен ұяттың ар жағында дін тұр. Әсіресе, ұяттың бәрін жиыстырып, тек қана материалдық нәрселерге көңіл бөлген осы заманда дін болмаса адам өзін жоғалтып ала­ ды. Қазір еркек пен еркек, әйел мен әйел үйленіп жатыр. Әйелдер «күйеусіз балалы боламын» деп шарқұрып жүр. Оның ата­тегі, баланың психологиялық жағдайын ешкім ойлап, таразылап жатқан жоқ. Дін және ішкі руханият болмаса мұндай шайтанның істері жалғаса береді. Оны дін ғана тоқтата алады. Алла алдында жауап беруді, ақыреттегі есебін ойлаған кезде адам баласы жаман істерден тыйылады. Сондықтан, жаһандану кезінде бе­ лең алып келе жатқан небір сорақы әдеттерді, адамдыққа жат дүниелерді тоқтататын дін ғана. Дін деп отырға­ нымыз – ар мен ұят. Тіпті, ұят сөзінің ұғымы өзгеріп кетті. Адамдар ненің ұят, ненің ұят еместігін ажырата алмай қалды. Кейбір авторлар «Ұят деген комплекс» деген кітап жазып жатыр. «Ұят бізді кері тартып отыр» дегенді шығарды. Небір сорақы, арсыз істер бүгін мәдениет деп жарнамалануда. «Адам еркіндігі, ой еркіндігі, сана ер­кіндігі» деген желеумен бізде бұрын мүлде көрмеген, қазақы тәрбие мен мұсылман баласына жат әрекеттер істеліп жатыр. Енді жастарымыз да ақ пен қараны ажырата алмайтын дәре­ жеге жетті.

– Теріс діни ағымдарға жол бермеу мақсатында Нұр­-Мү­бәрак университетінде қандай іс­шаралар жасалынып жатыр?

– Университет жанынан экстре­мизмнің алдын алуға арналған инсти­тут құрылған. Сол институтқа еліміздің түрлі өңірлерінен имамдарымыз келіп, екі ай бойы теріс ағыммен қалай күресу керек, халықты қалай сауаттандыру керек деген сияқты сұрақтарға жауап алып, білімін арттырады. Сондай­ақ, имамдардың білімін жетілдіру инсти­ туты да өз жұмысын атқаруда.

– Нұр­-Мүбәрак университе­тінде білім аламын деген жас тар нені оқып біліп шығады? Мем­лекеттік грантпен оқиды ма?

— Нұр-Мубәрәк Египет ислам мәдениеті университеті 2001 жылы құрылды, міне 18 жылға аяқ бастық. Бір білім ордасы үшін тарих емес шығар, бірақ жыл сайын дамып жа­ тырмыз. Әрине кемшіліктер, түзелетін тұстарымыз да бар болуы мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда жақсы маман­ дар даярлап жатырмыз. Нұр­Мүбәрак университетінің мақсаты – жоғары – білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, исламтану саласы бойын­ ша білім бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми, рухани­ді­ ни әлеуетін көтеру. Қазіргі таңда негізгі 4 кафедра жұмыс істейді: исламтану, дінтану, араб тілі және әдебиеті, жал­ пы университеттік гуманитарлық пән­дер кафедрасы. Мемлекет тарапынан 11­сыныпты бітірушілерге гранттар беріледі. ҰБТ­дан алған балынан бөлек, университет қабырғасында қосымша емтихан болады. Барлық студенттер сияқты мұнда да 4 жыл  білім алады, теолог, исламтану мама­ ны деген сияқты дипл омдар беріледі.

– Құран оқып жаттаймын деушілерге, жалпы иманымды арттырамын деп келушілерге арнайы тегін курстар бар ма?

– Әрине, мешітте тегін курстар бар. Ол 3 ай оқытылады, 2 кезең­ нен тұрады. Бірінші кезеңде Құран Кәрім туралы толық ақпарат, ахида (наным­сенім туралы), фиқ (ораза қалай ұсталады, намаз оқу туралы) тереңдеп оқытылады. Екінші кезеңде Құранның тәпсірлері, сүрелер, Пай­ ғамбарымыздың өмірбаяны жайлы білім беріледі. Сабақты осында жұ­ мыс істейтін үстаздар береді. Бізге көбіне КазҰУ­де оқитын студент­ тер келеді. Осыған ұқсас тегін курс­ тар басқа да мешіттерде бар, бірақ әрқайсысының құрған бағдарламасы өзгеше болуы мүмкін.

– Қазақстанның алдағы 10, 20 жылдықтағы діни ахуалын қалай елестетесіз?

ХХІ ғасыр – дін ғасыры болады. Қазір дінсіз қоғам жоқ, бірақ адамзат тығырыққа тіреледі. Неше түрлі техно­ логияның өзі бір жаратушының барын дәлелдеп отыр. Дарвинизм де өзін ғылыми тұрғыда дәлелдей алмады. Керісінше, ғылым да бір тылсым күштің бар екендігін насихаттап отыр. Екінші себебі, адамдардың рухы азғындықтан шаршайды. Жаһандану дәуіріндегі қы­ зылды жасылды нәпсіні қытықтайтын көптеген нәрселер шегіне жетіп, әлем тығырыққа тіреледі. Адам баласы түбінде жаратушыны іздейді. Ал Қа­ зақстанда 20 жылдан соң дұрыс діни заң қабылданып, ағартушылық жұмыс­ тары бір ізге қойылса теріс ағымдар ықпалы азаяды. Имандылық жыл өткен сайын артады. Оған еш күмәнім жоқ. Мемлекет діннен қорықпау керек, себебі ол өзімен­өзі адамдар арасын­ да тез тарайды. Ал, қалай таралады, мәселе сонда. Діннің қай бағытын таңдаймыз, мамандарды қалай да­ ярлаймыз барлығын екшеп алуымыз қажет. Содан соң ғана елге таратып, өзара қарама­қайшылық болмайтын­ дай бірізділікке түскеніміз жөн. Қазірде сол бағытта арнайы тұжырымдама қолға алынып жатыр, енді соны дұрыс орындау ғана қалды.

– Салмақты сұхбатыңызға рақмет!

Даяна ҚАЙЫРБОЛАТҚЫЗЫ, «Заң газеті»