АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПСИХИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МӘЛІМЕТІНШЕ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН АЛМАТЫ­ ЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ. МӘСЕЛЕН, БҮГІНГІ КҮНІ ОРТАЛЫҚТА ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ САНЫ 10 МЫҢНАН АСЫП, ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫР ҒАНДА 15 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН.

Ал, әлемдік статистика жер бетінде 450 миллион адамның психикалық және жүйке жүйесін- де ауытқулар барын растап отыр. Ең қорқыныштысы, Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2020 жылы аталған ауру жүрек-қантамырла- ры дертінен кейінгі екінші орынды иеленетін көрінеді. Осылай деп дабыл қаққан Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев психикалық немесе жүйкесі сыр берген адамдардың өз-өзіне қол салуға бейім келетінін де жа- сырмады. Әлемдік статистика бойынша суицид жасағандардың 90 пайызы психикалық сырқатқа шалдыққан жандар болса, жыл сайын 1 миллионға жуық адам өз-өзіне қол салады екен. Бұл әр 40 секундта бір адам суицид жасайды деген сөз. Десек те, бүгінде жер бетінде өз-өзіне қол салу деректерінің көптігіне қара- мастан, писихикалық және жүйке ауруларына шалдыққандарға көмек көрсететін мамандардың тапшылығы қатты сезілуде. Жүз мың науқасқа бір маманнан келеді деседі.

Осы орайда, орталық басшысы Сапар Рахменшеев: «Маман тапшылығының бары рас. Сондықтан, біз биыл 6 жас маманды жұмысқа алсақ, келер жылы тағы 21 маманды қызметке алуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, бұл салада интеграциялық жұмыстар жасалып жатыр. Өйткені, қарапайым адамға психологқа, психотерапевке немесе психиатрға барыңыз десеңіз, олар бірден үрейге бой алдырып немесе кері түсініп «мен жынды емеспін» деп ренжіп қалып жатады. Сондықтан, біз қазір өзіміздің мамандарымызды қаламыздың басқа емханаларына жіберіп, сол жерлерде адамдарды қабылдауды қолға алдық. Нәтижесінде, сол емханаларға келушілердің де саны күрт өскені байқалады. Осылайша, бір жағынан психологиялық қызмет түрлерінің халыққа қолжетімділігін арттырсақ, екінші жағынан тұрғындардың бізге деген «үрейін» сейілтіп отырмыз» – дей келе, Алматы қаласы бойынша Психикалық сауықтыру орталығына келушілер мен қала халқының қаншасы осы орталықта тіркеуде тұрғаны, суицид көрсеткіштері жайлы баяндап берді. Бүгінгі күні орталықта 10600 адам есепте тұрса, оның 75 па- йызы шизофренияға шалдыққан науқ астар екен. Сондай-ақ, тұқым қуалайтын аурулар мен туа бітті ақыл-есі кем дімкәс балалардың да саны артқан. Сол секілді, үстіміздегі жылы 772 адам суицид жасауға әрекет жасаған. Абырой болғанда, қайғылы жағдай орын алмаған. Осындай жағымсыз жағдайдың барын ашық айтқан орталық басшысы өз-өзіне қол жұмсау фактілерін азайту мақсатында нақты шаралардың атқарылып жатқандығын айтып берді.

«Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде арнайы жол картасы жасалды. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында да жол картасы бар. Негізгі мақсатымыз мектеп психологтарының көмегімен оқушылар арасында суицидке бейім балаларды дер кезінде анықтап, оларға психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ, ата-аналармен жүйелі түрде жұмыс істеу. Мұның сыртында Алматы қаласы дағдарыс орталығы жанынан ашылған тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонымыз бар» деді. Тағы бір айта кетерлігі, алматылықтарды тәулік бойы тыңдауға дайын 376-56-60 нөмерлі телефонының тұтқасында Психикалық сауықтыру орталығының ең мықты деген төрт психологі отыр.

ПСИХОЛОГТАР ТӘУЛІК БОЙЫ КЕҢЕС БЕРУГЕ ДАЙЫН

Мерурет ИЛЬЯСҚЫЗЫ, Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының психологі:

– «Негізі түрлі сенім телефондары бар. Бірақ, бұл телефон қала бойынша дағдарыс жағдайындағы жалғыз сенім телефоны болған- дықтан, бізге түрлі өмірлік жағдайлармен қоңырау шалатындар көп. Мақсатымыз өмірдің қиын жағдайына тап болып, тығы- рыққа тірелген адамдарға көмек көрсету. Оларды дәл сол сәттегі жағдайдан шығарып, өмірге оралту. Осыдан төрт жыл бұрын осы қызмет түрін іске қосқанда, суицидтің алдын алуды көздегенбіз. Сондықтан, қала ауруханаларына суицидпен түскендерге біздің сенім телефонымыздың нөмірі беріледі. Олардың біразы бізге тұрақты түрде қоңырау шалып тұрады. Жалпы, біз ондай адамдарды емдеп жібермесек те, дер кезінде психологиялық көмек көрсетіп, депрессия­ лық жағдайдан шығаруға тырысамыз. Сол секілді, бізге отбасылық проблемаларын айтып хабарласатындар көп. Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтармен қоңырау шалатындар да жетерлік. Бір сөзбен айтқанда депрессияға түсіп, жаны жай таппай жүргендер, түрлі ауру­сырқауға шалдығып өмір үшін күресуге әлі қалмағандар т.б жағдайлармен хабарласып, шер тарқататындар жыл сайын көбейе түсуде. Мысалы, үстіміздегі жылдың 8 айында 1500­ге жуық адам қоңырау шалды. Сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейтін- діктен, біз қоңырау шалған адамдарды аяғына дейін тыңдап, кейде бір адаммен сағаттап сөйлесеміз. Нәтижесінде, тұтқаның арғы жағындағы адамның алғашқыға қарағанда даусы ғана емес, ойы да өзгергенін сеземіз» дейді.

Камила ЫСҚАҚОВА, «Заң газеті»