Қазақстанда сабын бен кір жуатын ұнтақ қымбаттаған, — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, қыркүйек айында кір жуатын ұнтақтың бағасы жарты келі үшін 427 теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7%-ға қымбат. Ал иіс сабын бір жылда 8,8%-ға қымбаттаған. Осылайша, иіс сабын бір жылда 211 теңгеге дейін, ал кір сабын 8%-ға — 120 теңгеге жеткен.

Сондай-ақ, зерттеуге қарағанда, елімізде сабын өндірісі 7 айда бірден 68,3%-ға қымбаттаған.

«Тіс жуатын паста бағасы 8,3 пайызға қымбаттаған. Елімізде орташа есеппен 469 теңгеге дейін қымбаттаған. Сусабын 6,2%-ға — 392 теңгеге көтерілді», — делінген зерттеуде.

24.kz