Ақтөбелік әкім босану орталығындағы аналарға тосын сый жасады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов бүгін босанған 20 анаға 20 бесік таратқан. Әкім жас аналарға тәрбиенің тал бесіктен басталатынын айтты.

«Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінде тал бесіктің орны бөлек. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген бар. Сол себепті босану орталығындағы аналарға бесіктер таратылды. Астана қаласының 20 жылдығына орай жаңа туылған 20 балаға барлық жасауымен бесік тарту еттік. Бұл аудан әкімінің идеясы болатын»,-дейді Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнәз Төлебаева.

Бүгін Ақтөбе қаласында Мұғалжар ауданының күндері өтіп жатыр. Аудан әкімі шараны перинатальдық орталық пен балалар үйіне барудан бастады.