Мұхтар Әбіләзовке қатысты қылмыстық іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 304-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 2018 жылдың 2 қазанында айыпталушы М.Қ.Әбілязов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (16.07.1997 жылғы редакциясы бойынша) 28-бабы 3-бөлігі және 96-бабы 2-бөлігі «ж», «з» тармақшасы бойынша сотқа тартылады. Әбілязовке қатысты іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады», — делінген хабарламада. Әбілязов 2004 жылы бас бостандығынан айыру орнынан босағаннан кейін 4 млн АҚШ долларына М.Ш.Тоқмәдиді жалдай отырып, «Банк Тұран Әлем» АҚ басқарма төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірткені үшін айыпталып отыр.

2004 жылдың 19 желтоқсанында М.Ш.Тоқмәди Мұхтар Әбілязовтің мүддесіне қарай жұмыс істей отырып, Жамбыл облысы Қордай ауданында аңшылық кезінде аңшы қаруымен Тәтішевті өлтірген. Осыдан кейін Мұхтар Әбілязов «Банк Тұран Әлем» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланып, аталмыш банкті басқаруға келген. Бұдын бұрын М.Қ.Әбіләзовке бұқаралық ақпарат құралдары және «Le FIGARO» және «I’Opinion» француз газеттері арқылы тергеу амалдарына қатысуы керектігі бірнеше рет ескертілген болатын. М.Қ.Әбілязовтің келмеуіне байланысты айыпталушыға ҚР ҚПК 67-бабы тәртібінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының кәсіби адвокаты тағайындалды. М.Қ.Әбілязов Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жүргендігі және жауаптан жалтарғаны ескеріле отырып, Бас Прокуратура ҚПК-ніің 304-бабын  негізге ала отырып, М.Қ.Әбілязовке істің сотқа жолданғанын ескертеді. Сонымен бірге, айыпталу актісінің көшірмесі тағайындалған адвокатқа тапсырылғаны хабарланады.