«Баланы ерте жастан дамыту бойынша біздің науқанымызға үкіметтік ұйымдар айтарлықтай қолдау көрсетіп жатыр. Науқан ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша кеңестер беруге бағытталған. Дәл осындай кеңестердің екітомдығын әзірлеп қойдық», — деді Юрий Оксамитный Астанада Еуропа және Орталық Азия ұлттық статистикалық бюроларының жиналысында журналистерге берген сұхбатында. Сонымен бірге, ЮНИСЕФ өкілі балалар мекемесіндегі зорлық-зомбылықты азайту бойынша ақыл-кеңестер берді.

«Балалар мекемесіне жұмысқа орналасатын адамдарды толық тексеруден өткізу керек. Олардың психологиялық тұрғыдағы беріктігі және білімі балалар мекемесінде жұмыс істей алатын деңгейде болуы қажет. Балалармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби білімі болғаны маңызды. Үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік қоғам балабақшалар мен балалар мекемесін үнемі бақылауда ұстағаны жөн», — деп кеңес берді Юрий Оксамитный. Сондай-ақ, ол зорлық-зомбылық мәселесінің Қазақстанда аса өзекті еместігін атап өтті. «Бұл мәселе Қазақстанда аса өзекті деп ойламаймын, біз бұл мәселемен тікелей айналыспаймыз. Зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналар да белсенді болуы тиіс», — деді Юрий Оксамитный.