Рейтингіде көш бастап тұрған Скарлетт Йоханссон. 2017 жылдың маусымы мен 2018 жылдың маусымы аралығында ол 40,5 миллион доллар табыс тапты. «Черная вдова» фильмінде кек алушылар жасағының орыс шпионы рөлін сомдаған актриса кірісін төрт есе арттырған.

Бұл кино жұлдыздарының есімін білмейтін жан кемде-кем. Олар түскен фильмдерді көру үшін кинозалға халық лық тола жиналып, мыңдаған табынушылары жеке өмірлерін қалт жібермей отырады

Голливудтың ақылына көркі сай сұлулары Forbes журналы бойынша ең табысы мол актрисалар рейтингісіне енді. Олар асқан дарыны мен сомдаған үздік рөлдерінің арқасында ақшаны күреп тауып жүр.

ТОП-10 рейтингісіне кімдер енді? Бірінші орында — Скарлетт Йоханссон. «Мстители» жаңа фильміндегі «Черная вдова» рөлі актрисаның табысын төрт еселеген.

Үздік үштікке сұлу әрі мәңгі жас ханымдар Анджелина Джоли мен Дженнифер Энистон енді.

Әлемнің ең мықты актрисаларының табысы жайында Sputnik фотолентасынан біле аласыздар.

© AP PHOTO / JORDAN STRAUSS/INVISION