София Чиаппалон есімді бес жасар қыз туыла сала пышаққа түсіп, ота жасатқан. Ол жүрек ақауымен туылғандықтан дәрігерлер балақайдың екі жыл ғана өмір сүретінін айтқан. Алайда София беске толып, тұрмысқа шығу тойын өткізді деп хабарлайды ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Бес жасар сәбиді алда үлкен ота күтіп тұр. Сондықтан ол анасына келіп, өзінің балабақшадағы ең жақын досына тұрмысқа шыққысы келетінін айтқан.

Қызының кез-келген уақытта өліп кетуі мүмкін екенін ойлаған анасы, алты жастағы Хантера Лаферриердің жақындарымен келісімге келген.

Осыдан кейін, олар дүркіретіп той өткізбей, фотосессия өткізуге шешім қабылдаған.

Кішкентай балақайларды үйлену тойына дайындағандай қылып киіндірген олар, маңызды күнді ойдағыдай атқарып шыққан.