ҚазАқпарат-«19 шілдеде сағат 05:57-де Есіл ауданы, «Пригородный» тұрғын үй алабында, Нұра-Есіл каналында Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары судан 2004 жылы туған баланың денесін тапты. Ол 18 шілдеде шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, ағып кеткен», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 25 маусымда Нұра-Есіл каналында бірден төрт бала суға батып кеткен болатын. Қаза тапқан балалардың жасы 9, 12, екеуі — 11 жаста болған. ТЖК дерегі бойынша, балалардың бәрі әртүрлі отбасылардан. Ведомство мәлім еткендей, 24 маусымда олар шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, ағып кеткен. Олар ата-аналарының қарауынсыз қалған. Сондай-ақ, бұған дейін кілем жуып жатқан әйел мен екі қызының суға ағып кеткені хабарланған еді.