Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда жасалған шабуылдан қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған болатын.

Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.

Денис Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

kaz.tengrinews.kz