Қарағандылықтар ағашқа ілініп тұрған адам мәйітін тауып алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның денесі 11 шілдеде таңғы уақытта «Қарағанды-Сортировочная» станциясының маңынан табылған.

Кейінірек мәйіттің 1 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адамға тиесілі екені анықталды.

«Шамамен сағат 09.00-де Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан өткелдің аумағында адам мәйітінің ағашқа ілініп тұрғаны жайлы хабарлама келіп түсті», — делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл деректің сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.