Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қырғыз азаматын аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қатысты сот отырысы өтті, — деп хабарлайды  «Мой ГОРОД».

2017 жылдың қараша айында «Арба» кафесінде сағат 04:30-да 27 жастағы ер адам қарама-қарсы отырған бейтаныс  ақтаулық 39 жастағы азаматқа пышақ ала жүгірген. Орта есеппен қылмыскер ер азаматтың денесіне 52 рет пышақ салғаны анықталды. Қылмыскерді полиция қызметкерлері тоқтатып үлгерген. Алған жарақатынан жәбірленуші қайтыс болды.

«Тергеу барысында сараптама қылмыскер жасаған әрекетін психикалық ауытқу жағдайында жасалғаны анықталды. Себебі қылмыскер «Ақылсыз шизофрения» деп аталатын психикалық аурудан зардап шегеді екен. Осылайша, сот Қылмыстық кодекстің 16-бабының негізінде айыпталушыны босатты», — деп хабарлады Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің өкілі.  Сот шешімі заңды күшіне енді.
.