Британиялық доктор Джейн Бартон 12 жыл бойы емделушілерге ауруды басатын күшті дәрілер жазып беріп отырған.

Бұл пациенттердің өмір ұзақтығын қысқарту үшін жасалған. Жағдай 1989-2000 жылдары орын алған. Дәрігер күшті дәрі-дәрмек жазып берген пациенттердің саны 450-ден асады. Құрбандар саны тағы 200-ге артуы мүмкін.

Тексеру жүргізген тәуелсіз комиссия Джейн Бартонның 12 жыл бойы берген дәрісінің қарсы көрсеткіштерін білгенін айтады.

Бартон 1996-1999 жылдары 12 пациентті емдеген кездегі немқұрайдылығы үшін жауапқа тартылған. Бірақ жұмысынан шеттетпеген. Ол осы тыңдалымдардан кейін зейнетке шығып кеткен.

reactor