Атырауда 6 адамды көлігімен таптап өткен жүргізушіге қатысты құзырлы орындар ақпарат таратпай отыр. Тіпті қылмыстық істің қозғалған-қозғалмағандығы да белгісіз. Өйткені, істің қай бағытта өрбитініне зардап шеккендердің денсаулық жағдайы әсер ететін көрінеді.

Рафхат Қанатов, Атырау облыстық ауруханасының дәрігері:

-Келіп түскен екі науқастың жағдайы өте ауыр. Бірінші науқасымызға ота жасалғаннан кейін қазір хирургия бөлімшесіне аударылып, қалыпты емін алуда. Ауыр жағдайдағы екінші науқасымыз жансақтау бөлімінде, нейрохируг дәрігерлердің бақылауында.

Ауыр жағдайдағы ерлі-зайыптылар бірі бас жарақатын алған, жамбас сүйектері сынған. Ал, екіншісінің бауыры жарылып кетіпті. Олардан өзге түрлі дене жарақатын алған тағы 4 адам медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Айта кетсек, жол-көлік апаты кеше кешкілік «Тойота-аурис» көлігінің 19 жастағы жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарға соқтыққан. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші спиртті ішімдік ішпеген, өзінің айтуынша жүрегінің нашарлауы себепті рульге ие бола алмай қалыпты.

ktk.kz