Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының үш ваоны рельстен шығып кеткен. Бұл туралы   ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслам Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір тек алдын ала мәлімет бере аламын. Жолаушы пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында болған. Үш вагон рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпараттар келіп жатыр. Пойыз Астанадан Алматыға бара жатқан. Біздің бөлімшелер қазір жолда», — деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, апатқа ұшыраған жолаушылар тасымалының «Бәйтерек» №9 пойызы.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыс тобы да аттандырылды.