Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері 44,8 мың теңге көлемінде көлік салығын төлемеген Текелі тұрғыны теледидарына тыйым салмақшы болды.

Бұл туралы ведомство өкілдері айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Ер адам 2012 жылдан бері «ВАЗ-21074» маркалы автокөлігі үшін салық төлемеген.

Сондай-ақ, Іле ауданының тұрғынынан 2014 жылдан 900 мың теңге қарызы жиналып қалғандықтан оның Mercdes-Benz 500S көлігін тартып алған. Көлік қазір айыппұл тұрағында.

«Іле ауданының тұрғыны 2013 жылдан бері Toyota Lexus көлігі үшін 1,1 миллион қарызы жиналып қалған. Ол оны бөліп төлеп жатыр», — деп хабарлады облыстық МКД өкілдері.