Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жүргізген тексеру барысында «Халал» маркалы ет өнімі құрамында шошқа еті бар екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнімдердің қауіпсіздігі мониторингі аясында 330 үлгі, оның ішінде ет өнімдерінің 33 түрі алынды. Лабороториялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша ет өнімдерінің 5 үлгісінің төртеуі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің таңбалау және қауіпсіздік көрсеткіштері (шошқа ДНҚ-сы) талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Өнім шығарушылар оның құрамында шошқа еті бар екенін жазбаған.