Оралда № 32 орта мектептегі бітіруші сыныптың жетекшісі оқушылардың көз алдында көз жұмды. Бұл туралы «Уральская неделя» сайтына Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылған ҰБТ орталығы хабарлаған.

«№ 32 мектептің мұғалімі өз оқушыларын ҰБТ-дан алдын ала сынақ тапсыртуға алып келді. Оқушылар аудиторияға кіріп кетті, ал әйел дәлізде қалды. Шамамен сағат 13:10-да оның талмасы ұстады, біз оған өз күшімізбен көмек көрсетіп, «жедел жәрдем» шақырдық. Алайда «жедел жәрдем» тез келе қоймады, жарты сағаттан астам уақыт өтіп кетті. Дәрігерлер мұғалімнің көз жұмғанын айтты. Бұл кезде түскі үзіліс еді, БҚМУ дәрігері түскі ас ішуге кеткен. Нақты диагнозды біз білмейміз, дегенмен әйелдің қан қысымы көтеріліп кеткені анық», — деп хабарлады ҰБТ орталығы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.

Sputnik