Өскеменде жыл сайын желтоқсанның бірінен бастап қаладағы саябақтар мен алаңқайларға мұздан түрлі мүсіндер жасалып, шағын қалашықтар тұрғызу дәстүрге айналған.

Ал биыл қалаға алғашқы қар желтоқсанның ортасына қарай жауды. Оның өзінде өте аз түсті. Дегенмен шаһарды мерекелік безендіру жұмыстарына жергілікті мүсіншілер атсалысып жатыр. Олар Өскеменнің орталық алаңы мен тағы бірнеше жерге мұздан алуан түрлі мүсіндер тұрғызуды бастап кетті. Алайда соңғы күндері күн күрт жылынып, жылы жаңбыр жауып, мүсіншілердің еңбегі еш кетті.

Бірақ өскемендік өнерлі өрен Айым Қалиева мерекелік безендірудің тамаша үлгісін тапты. Озат оқушы түрлі гүлдер мен өсімдіктерді ыдыста сумен қатырып, шағын кескіндер істепті. 11 жастағы қолөнер шебері кез келген пішіндегі мүсінді жасай алады. Өсімдікті мұзда қатыру үшін тек тазартылған су пайдаланады екен. Айым Қалиева алғашқы жасаған мұз мүсіндерін өзі оқитын мектептегі жаңа жылдық көрмеге қойған.

Айым Қалиева, 5-сынып оқушысы:

– Егер жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіру үшін маған ұсыныс түссе, өзім жасаған кескіндерімді қоюға ұсынар едім. Ал мұздан осындай мүсіншелер жасау идеяасын алғаш рет маған анашым айтты.

24.kz