ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы ақшасын Ұлттық қордағы қаражатпен біріктіру туралы Елбасының ұсынысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бұл туралы Елбасы тапсырма берген. Сол бойынша Ұлттық банктің басшыларымен жұмыс тобын құру бойынша келісіп жастырмыз. Жалпы бұл жақсы практикалардың бірі. Сондықтан сарапшыларды шақырып, ақылдасып, пікірімізді айтамыз», — деді министр.

Отандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде президент Нұрсұлтан Назарбаев Норвегияның тәжірибесін мысалға келтіріп, зейнетақы ақшасы мен Ұлттық қор қаржысын біріктіру туралы ұсыныс айтқан еді.