Бүгін Астанада қолайсыз ауа райының салдарынан мектеп оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.

«26.12.2017 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты (желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждегі 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды» — делінген басқарма хабарламасында.