«Қазгидромет» РМК Ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда ауа райы қандай болатыны айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қалменованың айтуынша, мереке қарсаңында Қазақстанның барлық облыстарында тұрақты әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Жаңа жыл қарсаңында Батыста ауа температурасы 10-15 кей жерлерде 20 градус аяз, солтүстік аумақтарда 20-25 кей жерлерде 28, шығыста 20-25 кей жерлерде 30 градус, оңтүстікте — 5-10 кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз болады. Түнгі және таңертеңгі уақыттырда тұман түседі», — дейді ол.