Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Лемьені жеңгеннен кейін Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен канадалық Давид Лемьені (38-4, 33 КО) жеңді. Кездесу бітісімен Сондерс WBA (Super), WBC, IBF және IBO  тұжырымдар бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды.

«Головкин, менің есімде, сен менен қашып жүрген едің. Енді, міне менің белдігім бар – қазір жұдырықтасайық!», — деп мәлімдеді Сондерс.

sputniknews.kz