Синоптиктер 2017 жылдың 16-20 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Сібір антициклонының суық және қуатты тау сілемдері демалыс және мереке күндері Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа райын анықтайтын болады. Сондықтан ауа-райы басымырақ жауын-шашынсыз түнгі тұманмен және кәдімгідей қысқы температурамен күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде 30 градустан төмен аяз болады. Бұл күндері Қазақстанның барлық аумағында температура климаттық нормадан 2-5 градустан төмен күтілуде.», — делінген хабарламада.

Антициклон жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұрады, дейді синоптиктер.

Tengrinews.kz