Қызылордада базарға күшік сатуға кетіп, хабарсыз кеткен екі оқушы аман-есен табылды деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айта кетейік, Нұржан Әділханов пен Бауыржан Оңғаров жексенбі күні таңғы сағат 9 шамасында үйлерінен шығып кеткен. Бір сыныпта оқитын жасөспірімдер ата-аналарына базарға күшік сатуға барамыз деп кеткен екен. Сол кеткеннен қос ұлдан бірде-бір хабар болмапты.

Today.kz-тің Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер 13-і желтоқсан күні сағат 13.45 шамасында Сабалақ саяжайы аумағынан кезбелікке салынып жүрген жерінен табылды.

Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайы «жақсы» деп бағалануда, дін-аман ата-анасына тапсырылды.