Оскар Де Ла Хойя «Канело» мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші кездесуі қайда болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Кездесу Лас-Вегаста өтуі керек. Онымен қоса, көп ареналарға мұндай денгейдегі жекпе-жекті өткізу қиынға соғады. Мысалы, Далласта жекпе-жекті телеарнадан көре алу үшін қонақүй саны жетіспейді, аз. Бұл өте маңызды. Ал Лас-Вегаста туристер баруға болатын ойын-сауық жерлер көп — мейманханалар, шоу…», — деп келтіреді промоутердің сөзін Vesti.kz порталы.

Сондай-ақ, Оскар Де Ла Хойя «Канело» мен GGG арасында жекпе-жектің өтуіне ештеңенің кедергі келтіре алмайтынын айтты.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер екінші кездесуді үш аренада ғана өткізуге болатынын айтады. Оладың ішінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena бар. Айта кетейік, олардың бірінші кездесуі осы аренада өткен еді. Бірақ Леффлер жекпе-жектің басқа қалада өтуін қалайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Том Леффлер «Канело» өкілдерімен бірге 2018 жылдың 5 мамырында өтетін кездесуді ойластырып, талқылып жатқандарын растады.