Футболдан Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребесі тартылды. Қазақ футболы тарихында алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алған «Астанаға» Португалияның «Спортинг» командасы қарсылас атанды.

Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық команда топтық кезеңде 10 ұпай жинап, екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алған еді. Плей-оффта отандастарымыз Лиссабонның «Спортинг» командасымен кездесетін болды.

«Боруссия Дортмунд» (Германия) — «Аталанта» (Италия)

«Ницца» (Франция) — «Локомотив» (Ресей)

«Копенгаген» (Дания) — «Атлетико Мадрид (Испания)

«Спартак» (Ресей) — «Атлетик Бильбао» (Англия)

АЕК (Грекия) — «Динамо Киев» (Украина)

«Селтик» (Шотландия) — «Зенит» (Ресей)

«Наполи» (Италия) — «Лейпциг» (Германия)

«Црвена Звезда» (Сербия) — ЦСКА (Ресей)

«Лион» (Франция) — «Вильярреал» (Испания)

«Реал Сосьедад» (Испания) — «Зальцбург» (Австрия)

«Партизан» (Сербия) — «Виктория Пльзен» (Чехия)

«Стяуа» (Румыния) — «Лацио» (Италия)

«Лудогорец» (Болгария) — «Милан» (Италия)

«Астана» (Қазақстан») — «Спортинг» (Португалия)

«Эстерсунд» (Швеция) — «Арсенал» (Англия)

«Марсель» (Франция) — «Брага» (Португалия)

 

2017/2018 маусымдағы Еуропа лигасының финалы Францияның Лион қаласындағы «Парк Олимпик Лионне» стадионында өтеді.

Айта кетейік, жаңа ғана Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылған болатын.

vesti.kz