Танымал қазақстандық әнші кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы кәсіби бокс парақшасына сілтеме жасап.

Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы қырғызстандық қарсыласы Шерғазы Сақтағановты екінші раундта нокаутпен жеңді. Сайыс екінші дәрежелі орта салмақ бойынша өтті.

 

Қырғызстан боксшысы аралас жекпе-жектен әлем чемпионы екенін айтып өтуіміз қажет. «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Ибрагим Ескендір бокс шебері кандидаты.