Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Алматыда ұшақтың жолақтан шығып кетуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайында «Эйр Астана» компаниясының Алматы-Бангкок бағытындағы КС 931 рейсі ұшағы ұшу жолағынан шығып кеткендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

«Алматы-Бангкок бағытындағы «Эйр Астана» рейсінің ұшағы 1:47-де ұшу жолағынан шығып кетті. Әуе лайнері қазір ангарға апарылды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қазір аталған дерекке қатысты тексеру жұмыстарын бастады», — деп хабарлады Комитет Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Комитеттің хабарлауынша, 10 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайы қазіргі ауа райы жағдайында штаттық режимде жұмыс жасап отыр. Бірнеше рейстердің кешігуі әуе кемелерін қауіпсіздік мақсатында көктайғаққа қарсы өңдеуге байланысты болды.