Алматыдағы Достық даңғылы бойында жеңіл автокөлік 11 жастағы қыз баланы қағып кетті. Бұл туралы   «ҚазаАқпарат»  тілшісіне зардап шеккен оқушының анасы айтып берді.

«Қызым сабақтан соң үйге қайтып келе жатқан. Достық даңғылының бойында орналасқан 48-ші мектептің жанындағы жаяу жүргінші жолағында, қызымды қара түсті машина қағып кетті. Рөлде әйел адам болған. Ол қызымды үш аялдама жоғары апарып, сол жерге тастап кетіпті. Тіпті жедел жәрдем де шақырмаған! Настя үйіне әрең жетті», — дейді Алла Пархоменко.

Басынан қатты соққы алған оқушы қыз қазір ауруханада жатыр.

Анасының айтуынша, оқиғаға куә болған оқушылар тек көлікті қара түсті екенін естеріне сақтап қалыпты. Аталған істі қазір Медеу ауданының жол полициясы тіркеуге алды.