Жол апаты Талғар жолында, «Халық аренаға» қарсы бетте болды, тоғыз адам зардап шекті.

Sputnik Қазақстанға  куәгерлер хабарлағандай, Mercedes Талғар жолымен шығыс бағытта келе жатқан. Белгісіз себеппен жүргізуші қарсы қозғалыстағы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан Lada Largus-пен бетпе-бет соқтығысқан.

Соққыдан Mercdedes ұшып түсіп, сол бағыттағы Mazda автокөлігімен түйіскен.

Жол апатынан тоғыз адам зардап шекті. Оның бесеуі Lada Largus, үшеуі Mercedes және біреуі Mazda көлігінде болған.

Олар ауруханаға жатқызылды.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.