2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында 398,8 млрд теңге шетелге аударылған деп хабарлайды Ranking.kz.

Бұл өткен жылмен салыстырғада 26,9 пайызға көп. 2016 жылы шетелге аударылған ақржының көлемі 314 млрд теңгеден аспаған еді. Қазақстаннан тысқа кететін ақшаның басым бөлігі Ресей мен Өзбекстанға аударылады екен. Қаңтар-қазан аралығында Ресейге 152 млрд теңге, Өзбекстанға 75,5 млрд теңге жөнелтілген. Бұл үштікті Қырғызстан 32,7 млрд теңгемен толықтырып тұр.

Ал ақша аудару жүйелерінің ішінде Золотая Корона 200,4 млрд теңгемен көш бастады. Одан кейінгі орынған 63,0 млрд теңгемен Western Union жайғасқан. Үшінші орында Юстрим бар. Ол жүйе арқылы Қазақстаннан шетелге 42,5 млрд теңге аударылған.

islam.kz