Қызылорда қаласында жантүршігерлік жағдай орын алды. Қос бауырдың түнеп жүрген контейнері түн ортасында отқа оранып, кесірінен 17 жастағы інісі қаза болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Құрылыс заттарын сататын қаладағы «Сығанақ» базарының маңында болған жағдайдан 17 жасар жас жігіттің ағасы өрт басталғанда дереу сыртқа шығып үлгерген.

Алайда інісі контейнер ішінде тірідей жанып кеткен. Ал құтқарушылар өрттің себебі әлі де анықталып жатыр дейді, және соңғы кезде жиілеп кеткен осындай оқиғалардан тұрғындарға сақ болуды ескертеді.